Exchange ActiveSync протоколы бойынша басқару жүйесін орналастыру

Kaspersky Security Center бағдарламасы Exchange ActiveSync протоколы арқылы Басқару серверіне қосылатын ұялы құрылғыларды басқаруға мүмкіндік береді. Exchange ActiveSync ұялы құрылғылары (EAS құрылғылары) деп, Exchange ActiveSync Ұялы құрылғылар серверіне қосылған және Басқару сервері басқаратын ұялы құрылғылар аталады.

Exchange ActiveSync протоколы келесі операциялық жүйелерді қолдайды:

Exchange ActiveSync құрылғысын басқару параметрлерінің жиынтығы ұялы құрылғы жұмыс істейтін операциялық жүйеге байланысты. Белгілі бір операциялық жүйеге арналған Exchange ActiveSync протоколын қолдау ерекшеліктерімен осы операциялық жүйенің құжаттамасынан танысуға болады.

Exchange ActiveSync протоколы бойынша ұялы құрылғыларды басқару жүйесін орналастыру келесі ретпен жүзеге асырылады:

  1. Әкімші таңдалған клиент құрылғысына Exchange ActiveSync Ұялы құрылғылар серверін орнатады.
  2. Әкімші Басқару консолінде EAS құрылғыларын басқару профилін (профильдерін) жасайды және Exchange ActiveSync пайдаланушыларының пошта жәшіктеріне профиль қосады.

    Exchange ActiveSync Ұялы құрылғыларды басқару профилі – бұл Microsoft Exchange серверінде Exchange ActiveSync ұялы құрылғыларын басқару үшін қолданылатын ActiveSync саясаты. Microsoft Exchange пошта жәшігіне тек бір EAS құрылғысын басқару профилі тағайындалуы мүмкін.

    Ұялы EAS құрылғылары пайдаланушылары өздерінің Exchange пошта жәшіктеріне қосылады. Басқару профилі ұялы құрылғыларға шектеулер қояды.

Бұл бөлімде:

Exchange ActiveSync ұялы құрылғылар серверін орнату

Ұялы құрылғыларды Exchange ActiveSync ұялы құрылғы серверіне қосу

Internet Information Services веб-серверін конфигурациялау

Exchange ActiveSync ұялы құрылғылар серверін жергілікті түрде орнату

Exchange ActiveSync ұялы құрылғылар серверін қашықтан орнату

Басына оралу